Дания құрамасының капитаны Симон Кьер: Қазақстан өз айып алаңында автобус қояды
Дания құрамасының капитаны Симон Кьер 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу аясында өз командасының Қазақстан құрамасына қарсы өткізетін кездесуі туралы ойларымен бөлісті
«Бірінші минуттан шабуылда жақсы ойнап, Қазақстанның өз айып алаңында автобус қоятынына дайын болуымыз керек. Қазіргі заманғы футболда бәрі де қорғануды үйреніп алды. Егер бұл қолдарынан жақсы келіп жатса, сенімдірек болады. Сондықтан, жылдам гол - ең дұрыс сценарий. Егер жылдам гол соға алмасақ, шабуылымызды тоқтатпау керек, сол кезде үш ұпайға қол жеткізе аламыз»,- деді Кьер.
Естеріңізге сала кетейік, біздің құрама мен даниялықтар арасындағы кездесуді тікелей эфирде «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарынан көре аласыздар. Трансляцияның басталуы түнгі 01:35-те. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsport.kaztrk.kz сайттарында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.