Single Betting: Дания Қазақстанмен тең ойын көрсетеді
Спорттық жарыстардлың нәтижесін сараптайтын «Single Betting» аналитикалық порталы Дания өз алаңында Қазақстанмен тең ойын көрсетеді деп ойлайды, деп хабарлайды prosportkz.kz.
Даниялықтар аты шықпаған құрамалар арасында Е тобының көшбасшысы ретінде қаралған болатын. Олар Левандовский бастаған Польша құрамасымен бірінші орынға таласа алатынына күмән болмаған. Дегенмен, олар Қазақстанмен болатын ойын алдына тек бір ғана жеңіске жетті.
Дания алғашқы ойында Армениядан басым түсті. Содан кейін Черногория мен Польшадан ұтылып қалды.
Қазақстандықтар да жақсы нәтижемен бастады деуге келмейді. Олар жеңіске жеткен жоқ. Дегенмен, екі рет тең ойнады. Сонымен қатар, олар Черногориядан (5:0) ірі есеппен жеңіліп қалды. Бірақ Польшамен тең түскенін жақсы нәтижеге балауға болады.
Дания футболы қазір құлдырау үстінде. Армениядан басым түсуін кездейсоқтық деп айтуға болады. Екі құрама жалпы саны 5 гол соққан. Сондықтан 0:0 есебі тіркелуі мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, біздің құрама мен даниялықтар арасындағы кездесуді тікелей эфирде «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарынан көре аласыздар. Трансляцияның басталуы түнгі 01:35-те. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsport.kaztrk.kz сайттарында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.