FIFA басшысы Джанни Инфантино: Егер Ресейдің футболда допинг қолданғаны дәлелденсе, FIFA санкциялар қолданады
Егер Ресей футболында допинг қолданған сәттер дәлелденсе, FIFA санкциялар қолданады, деп FIFA басшысы Джанни Инфантино мәлімдеді.
«Мен Муткоға сенемін бе? Әрине, ол - FIFA кеңесінің мүшесі, және біз бірге жұмыс істейміз. Егер футболда допингтің қолданғаны ашылып дәлелденсе, FIFA мен UEFA сәйкес шаралар қолданып, санкцияларды енгізеді. 2018 жылғы Әлем чемпионатының ұйымдастыруды допинг мәселелесімен байланыстырудың қажеті жоқ. Турнирде өнер көрсететін спортшыларды FIFA өзі тексеретін болады. Зертханалар Швейцарияда орналасуы ықтимал. Әлем чемпионатының таза өтетініне біз кепілдік бере аламыз», - деді Инфантино.