Қазақстан Грекияны жеңіп, Гранаткин Мемориалы-2017 турнирінің финалына шықты (ВИДЕО)

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы  Гранаткин Мемориалы-2017 турнирінің жартылай финалында Грекиямен кездесті. Қарсыластарын 2:1 есебімен жеңіп, финалға шықты, деп жазады Sports.kz.

Қазақстан құрамасынан Айдос Орал қос бірдей доптың авторы атанды. Алдымен, 18-минутта пенальтиден есеп ашса, 49-минутта екінші голын салды. Ал, гректерден шабуылшы Гиоргос Цоврас 58-минутта мергендігімен танылды.

Бір айта кетерлігі жерлестерімізден жартылай қорғаушы Жанәлі Пайруз 42-минутта екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.

21 қаңтар күні ақтық сында отандастарымыз Ресей құрамасымен сынға түспек. 

Айта кетейік, Гранаткин турнирі ФИФА-ның бірінші вице-президенті Валентин Гранаткиннің құрметіне 1981 жылдан ұйымдастырылып келеді. Оған барлығы 16 команда қатысады.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды