«Ростов» пен «Манчестер Юнайтед» тең түсті -1:1
УЕФА Еуропа лигасының 1/8 финалында кездескен «Ростов» пен «Манчестер Юнайтед» арасындағы матч 1:1 есебімен тең аяқталды.
Кездесудегі есепті алғашқы минуттардан белсенді болған «қызыл сойқандар» ашқан болатын. Ойынның 35-ші минутында сол қапталдан өрбіген шабуылдың нәтижесінде командаласы Ибрагимовичтен пас алған «Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Генрих Мхитарян алғашқы гол авторы атанды.
Кейін екінші таймның басында (53-ші минут) «Ростовтың» футбошысы Александр Бухаров командаласы Калачёвтің алыстан берген пасын оңтайлы пайдаланып, кездесудегі есепті теңестірді.
«Ростов» - «Манчестер Юнайтед» 1:1
Аталмыш кездесуді тікелей эфирде көрсеткен «Kazsport» телеарнасы.