Леонарду Жардимнің «Монакосы» УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты
УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалында кездескен «Монако» мен «Манчестер Сити» арасындағы матч 3:1 есебімен алаң иелері пайдасына аяқталды. Екі ойындағы жалпы есеп 6:6 болып, монегасктер сырт алаңда салынған голдар санының артықшылығымен УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты.
Кездесудің алғашқы минуттарынан белсенді болған алаң иелері есепті 8-ші минутта ашты. «Манчестер Сити» қақпасы алдыңдағы қарбаласты сәтті пайдаланған «Монако» футболшысы Килиан Мбаппе кездесудегі алғашқы гол авторы атанды.
Ойынның 29-шы минутында «Монако» футболшысы Фабиньо сол қапталдан келген добты дәл қақпаға бағыттап, есепті еселей түсті.
Екінші таймның ортасында Рахим Стерлингтің соққысынан кейін Субашичтен қайтқан допты Лерой Сане «Монако» қақпасына бағыттады.
77-ші минутта «Манчестер Сити» қорғаушылары назарынан тыс қалған Тьемуэ Бакайоко басымен гол салып, кездесудегі соңғы нүктені қойды.
«Монако» - «Манчестер Сити» 3:1
Жалпы есеп - 6:6 (сырт алаңдағы голдар 3:1)
«Монако» - «Манчестер Сити» кездесуін тікелей эфирде көрсеткен «Kazsport» телеарнасы.