«Бешикташ» 10 ойыншымен «Олимпиакосты» тізе бүктіртті
УЕФА Еуропа лигасының 1/8 финалында кездескен «Бешикташ» пен «Олимпиакос» арасындағы матч 4:1 есебімен аяқталды. Екі ойындағы жалпы есеп 5:2 болып, түркиялық клуб УЕФА Еуропа лигасының ширек финалына шықты.
Кездесудегі есепті алаң иелері ашты.10-шы минутта оң қапталдан әуеге көтерілген допты «Бешикташ» шабуылшысы Венсан Абубакар «Олимпиакостың» қақпасына басымен ұрып қадап, кездесудегі алғашқы гол авторы атанды.
Ойынның 22-ші минутында Рикарду Куарежмадан пас алған «Бешикташ» ойыншысы Райан Бабель 15 метр қашықтықтан мүлт кетпеді.
«Олимпиакос» футболшылары Тарик Эльюнуссидің жойқын соққысымен жауап қайтарып, кездесудегі есеп айырмасын қысқартты.
Кейінірек «Бешикташ» шабуылшысы Венсан Абубакар бірден қызыл қағаз алып, жасыл алаңнан қуылған еді. Арығарай түркиялық ұжым 10 ойыншымен өнер көрсетті.
75-ші минутта «Бешикташ» ойыншысы Райан Бабель жойқын соққысымен командасының үшінші голын салып, кездесудегі есеп айырмасын ұлғайтты.
Матчтың 84-ші минутында алаңға жаңадан шыққан Дженк Тосун кездесудегі бесінші гол авторы атанып, «Бешикташтың» үстемділігін тағы бір көрсетті.
«Бешикташ» - «Олимпиакос» 4:1
Жалпы есеп - 5:2
«Бешикташ» - «Олимпиакос» кездесуін тікелей эфирде көрсеткен «Kazsport» телеарнасы.