Қазақстан жастар құрамасы Люксембург футболшыларын ұтты
Футболдан жастар арасындағы 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын сырт алаңда Люксембург футболшыларымен өткізді.
Люксембург футболшары ойынның бесінші минутында есеп ашты. Төреші белгілеген пенальтиден Эдвин Муратович мүлт кетпеді. Қазақстан құрамасының ойыншылары таразы басын кездесудің 36-минутында теңестірді. Дидар Жалмұқанның тамаша пасынан кейін Александр Соколенко мергендік танытты.
Екінші таймда Дидар Жалмұқаннан дәл пас алған Юрий Перцух соққысын алаң иелерінің қақпашысы қайтарды. Ал, ойынның 61-минутында қорғаушы қателігін пайдаланған Геворг Наджарян өз командасын алға шығарды.
Есепті еселейтін мүмкіндік Максим Федин де болды. Ол алдымен Дидар Жалмұқанның баспен қалдырған пасын қақпаға тура тепкен болатын. Алайда, қақпашы шеберлік танытты. Кейін қақпашы Максим Фединнің айып соққысын да қайтарды.
Матч соңына қарай Владимир Никитенко алаңға Максим Гладченко, Оралхан Өміртаев және Иван Антиповты ойынға қосты.
Қазақстан жастар құрамасы келесі ойынын 13 маусым күні сырт алаңда Черногория футболшыларымен өткізеді. Ал, 1 қыркүйек күні Черногория құрамасын өз алаңында қабылдайды.
Естеріңізге сала кетейік, ойынды тікелей эфирде «Kazsport» арнасы көрсетті.
Люксембург U-21 — Қазақстан U-21 1:2 (1:1)
Голдар: Муратович - пенальти 7 (1:0), Соколенко 36 (1:1), Наджарян 61 (1:2)
Ескерту: Скендерович 39, Дублин 78 — Мәжитов 6
Люксембург U-21: Рулез, Эверт, Сакра, Скендерович, Дублин, Тилль, Муратович, Синани, Пинту (Прюдомм 64), Островски (Бьелич 85), Мерш (Да Силва 56)
Қазақстан U-21: Бұсырманов, Мәжитов, Сламбеков, Әбікен, Наджарян (Гладченко 79), Жалмұқан (Антипов 90+2), Федин (Өміртаев 86), Соколенко, Қалмұратов, Перцух, Әбілғазы
Бас төреші: Ференц Карако (Венгрия)
28 наурыз 2017 жыл. Дифферданж. Мунисипаль де Дифферданж.
kff.kz