Қазақстан Премьер-лигасында көшбасшы ауысты
Қазақстан Премьер-лигасының IV тур ойындары аяқталды.
Алматыда жергілікті «Қайрат» қызылордалық «Қайсармен» кездесіп, екі ұжым 1:1 есебімен тең түсті.
Ал, Шымкентте жергілікті «Ордабасы» көкшетаулық «Оқжетпеске» қарсы кездесу өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Ел біріншілігінің IV тур ойындары ойындарының нәтижесінде «Ордабасы» 10 ұпаймен көш бастап тұр, ал, екінші сатыда «Қайсар» орналасты. Қызылордалық клуб 10 ұпайға ие болғанымен, голдар айырмасы бойынша шымкенттік ұжымға жол берді.