«Ювентус» пен «Монако» жартылай финалға шықты
Кеше Чемпиондар лигасының ширек финалдық ойындар өтті.
Италиялық «Ювентус» қарымта матчта «Барселонамен» тең түсті. Туринде өткен ойында «Ювентус» 3:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Ал, екінші топта «Монако» дортмундтық «Боруссиядан» 3:1 есебімен басым түсті. Нәтижесінде франциялық клуб екі ойын нәтижесі бойынша келесі кезеңге өтті. Естеріңізге сала кетейін, алғашқы матчта монаколықтар 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Голдар: Мбаппе, 3 (1:0). Фалькао, 17 (2:0). Ройс, 48 (2:1). Жермен, 81 (3:1).