Қазақстан-Дания матчында ресейлік мамандар төрелік етеді
Футболдан Әлем чемпионаты-2018 іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан-Дания матчында ресейлік төрешілер қызмет көрсетеді.
Бас төреші - Владислав Безбородов, оның көмекшілері - Максим Гаврилин, Валерий Данченко, төртінші рефери - Кирилл Левников.
Айта кетейік, кездесу 10 маусым күні Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді. Матчты «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Басталуы: сағат 21:30-да.