«Қайрат» литвалық «Атлантасты» ойсырата жеңді
Алматылық «Қайрат» командасы Еуропа лигасының бірінші айналымында литвалық "Атлантас" клубын қабылдап, 6:0 есебімен ойсыраты ұтты.
21-ші минутта Жерар Гоу қарсыластар қақпасынан саңылау тапты. Бес минут өткенде Георгий Жуков пенальти алып, команда капитаны Андрей Аршавин оны сәтті орындады. 30-шы минутта Жуков алаңнан кетуіне тура келіп, оның орнына шыққан Иво Иличевич екі минуттың ішінде көзге түсті. Бірінші тайм аяқталар сәтке үш минут уақыт қалғанда Аршавин өзінің екінші голын салды.
Айта кетейік, қарымта ойын 6 шілдеде Литвада өтеді.
Матчты тікелей эфирде «Kazsport» арнасы көрсетті.