Твумаси мен Кабананга «Астанамен» келісімшарттарын ұзартты

«Астана» командасының шабуылшылары Патрик Твумаси (Гана) мен Жуниор Кабананга (ДР Конго) «Легияға» қарсы кездесу қарсаңында елордалық командамен еңбек келісімшарттарын тағы да екі жылға ұзартты, деп хабарлайды «Астана» ФК-ның ресми сайты.

Патрик Твумаси: «Мен «Астана» командасымен бірге үш жыл қатарынан Қазақстан чемпионы атанып, Кубокта және Суперкубокта жеңімпаз атанғанымды мақтан тұтамын. Алайда, біз өзіміздің шынайы деңгейімізді тек Еуропада ғана тексере аламыз. Осы орайда, «Астана» соңғы жылдарда Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп, өзінің мықтылығын дәлелдеп келеді. Менің арманым Гана Ұлттық құрамысы сапында өнер көрсету және сол арманыма «Астана» командасы сапында ойнау арқылы қол жеткізе алатыныма сенімдімін. Мен клубымызды, командаластарымды, бапкерлерді, қаламызды өте жақсы көремін. Сол үшін де «Астана» сапында әрмен қарай ойнауды жалғастырғым келеді. Маған барлық уақытта қолдау білдіріп жүретін клуб фанаттарына ерекше алғыс айтамын».

Жуниор Кабананга: «Мен «Астана» сапында ойнайтыным үшін қуаныштымын және осы жерде қазақ халқының маған деген қолдауын анық сезінемін. Әр ойын сайын жанкүйерлер мен фанаттар менің есімімді қайталап, айғайлаған сәтте көзіме қуаныштың жасы келетіні жасырын емес. Мен үшін мені қоршаған ортаның маңыздылығы өте жоғары. Осы орайда, Қазақстан менің жасыл алаңдағы еңбегімді бағалайтыны қуантады. Ал, бапкерлер құрамының маған деген сенімі, «Астана» жейдесінде елордалық команданың намысын әр ойында жоғары деңгейде қорғауыма ерекше күш береді. Мен шындығында «Астанаға» қарыздармын. Себебі, мен «Астана» сапында жүріп керемет күш алып, Ұлттық құрама сапында негізгі құрамнан орын алдым. Мен елордалық команданың намысын жоғары деңгейде қорғап, Қазақстан халқына қуаныш сыйлап, алдыға қойған мақсаттарымызға жету жолында талмай еңбектенетін боламын».

Фото - «Астана» ФК-ның ресми сайты

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды