«Барселона» «ПСЖ»-ға қарсы коалиция құруды ұсынды
«Барселона» ФК-ның басшылары еуропалық клубтарға каталониялық клубтың шабуылшысы Неймарды өз қатарынан көргісі келетін франциялық ПСЖ клубына қарсы коалиция құруды ұсынды, деп хабарлайды «L'EQUIPE».
Басылымның таратқан мәліметі бойынша, «Барселона» басшылары ПСЖ клубын қазіргі Еуропа футболындағы «fair play» ережесін әділетсіз жолмен айналып өтіп, Неймарды өз қатарынан қосуды жоспарлап отыр дейді.
Дегенмен каталониялық клубтың басшылары соңына дейін Неймардың франциялық клубқа ауысуына кедергі жасайтынын айтып отыр.
Бұған дейін еуропалық БАҚ ПСЖ-ның Неймар үшін 222 миллион еуроға шығындалуға дайын екенін жазды. Бұл келісім бойынша шабуылшы жылына 50 миллион еуро көлемінде жалақы алады. Алайда бұл келісімшартқа УЕФА-ның қаржылық «fair play» ережесі кедергі келтіруі мүмкін. Сол үшін де париждік клуб Неймардың өзімен 300 миллион еуролық келісімшарт жасауды қарастырып отыр. Бұл келісімшарт жүзеге асса, бразилиялық шабуылшы «Барселонадан» келісімшартын өзі-ақ сатып алуына мүмкіндік туады.
Неймар 1 тамыз күні медициналық сараптамадан өтіп, келесі күні оның трансфері туралы ресми хабарланады деп күтілуде.
Егер Неймар шынынды ПСЖ клубының сапына ауысатын болса, онда ол франциялық клубтың қожайындары болып саналатын «Qatar Sports Investments» компаниясымен келісімшартқа отырып, 2022 жылы Катарда өтетін Әлем чемпионатының ресми өкілі атанады. Бұл қызметі үшін Неймар 5 жылда 300 миллион еуро пайда табады.