Александр Бородюк Ұлттық құрама бас бапкері қызметінен кетті
55 жастағы маман Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне 2017 жылдың ақпан айында келген болатын. Одан бергі аралықта ұлттық құрама 7 ойын өткізіп, 1 кездесуде ғана тең нәтижеге қол жеткізе алды. 6 ойында қарсыластарына есе жіберді. Барлығы 6 гол соғып, 18 рет допты өз қақпаларынан алып шықты. 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі топта соңғы орынға тұрақтады.
Айта кетерлігі, бапкер мен федерация арасындағы келісімшарт екі жақты келісім бойынша бұзылды.
Әзірге, Александр Бородюктің орнын кімнің басатыны әлі белгісіз. Былтыр оның алдында ұлттық құрамамызды отандық маман Талғат Байсуфинов жаттықтырған болатын.