Қазақстанның футбол күнімен құттықтаймыз!
Бүгін барша қазақстандық футбол жанашырлары үшін айтулы күн, осыдан 16 жыл бұрын, яғни 2002 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан футбол федерациясы УЕФА құрамына кірді. Сол уақыттан бастап 25 сәуір Қазақстанның футбол күні ретінде аталып өтіледі!
Барша футбол жанкүйерлерін, құрметті ардагерлерді, отандық футбол мамандары мен сарапшыларын шын жүректен құттықтай отырып, жаңа жеңістер тілейміз!