Зинедин Зидан «Реал Мадрид» клубының бас бапкері қызметінен кетті
Франциялық бапкер Зинедин Зидан мадридтік «Реал» сапынан кететіндігі туралы мәлімдеді.
Бұл туралы бүгінгі арнайы баспасөз-мәслихатында ресми түрде хабарланады. Баспасөз мәслихатында клуб президенті Флорентино Перес те болды.
45 жастағы маман «Реалдың» тізгінін 2015/16 жылғы маусымның ортасында ұстап, командамен қатарынан үш маусымда Чемпиондар лигасын ұтып алған болатын. Бұл Чемпиондар лигасының тарихында рекорд саналады.
Сондай-ақ, Зизудың басқаруымен «Реал» Испания чемпионатын, Суперкубогын, екі мәрте УЕФА Суперкубогында, сонымен қатар, екі рет клубтар арасындағы Әлем чемпионатын жеңіп алған еді.
Қазіргі таңда клуб басшылығы да бұл ақпаратты растап, командаға жаңа бапкер іздеп жатқандығы туралы мәлімдеді. Шетелдік баспасөз деректеріне сүйенсек Флорентино Перес клубтың бас бапкері ретінде Маурисо Почеттиноны көргісі келеді екен.