Еурокубоктік бәсекелерде бақ сынайтын қазақстандық клубтар іріктеу кезеңін сәтті бастады
2018-2019 жылғы еурокубок бәсекелерінде Қазақстанның атынан чемпиондар лигасында «Астана» командасы, Еуропа лигасында «Қайрат», «Ертіс» және «Тобол» командалары өнер көрсетеді.
Елордалық клуб кәрі құрлықтың басты бәсекесі аясындағы алғашқы раундта Черногорияның «Сутьеска» командасын 1:0 есебімен тізе бүктірген еді. Роман Григорчук шәкірттері Роман Мұртазаевтың голы арқасында алға шықты.
Ал, Еуропа лигасында өнер көрсететін алматылық «Қайрат» сырт алаңда Андорраның «Энгордани» клубын 3:0 есебімен ұтты. Қостанайлық «Тобол» грузиялық «Самтредиадан» минималды есеппен басым түсті. Сондай-ақ, «Ертіс» литвалық «Тракаймен» өз алаңында тең тарқасты.
Осылайша, еурокубоктік маусымда күш сынайтын қазақстандық клубтар келесі кезеңге өтуге мүмкіндіктерін толықтай сақтап қала білді.