«Қайрат» келесі кезеңге жолдама алды

Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінің жауапты ойынында алматылық «Қайрат» сырт алаңда Голландияның «АЗ Алкмаар» командасымен кездесіп, 1:2 есебімен есе жіберді. Дегенмен қос ойынның нәтижесімен «Қайрат» жарысты жалғастырады.


Ойын бірден қарсылас команданың қарқынды шабуылдарымен басталды. Алғашқы голды ойынның 28 минутында Бауыржан Исламхан пенальтиден соғып, командасын есепте алға шығарды.


Бірінші таймның 42 минутында алаң иелері есепті теңестірді. Голды соққан Гус Тилл. Ал, соңғы голды 92 минутта пенальтиден Теун Коопмейнерс соқты. Қортынды есеп 2:1. Қос ойын бойынша «Қайрат» командасы 3:2 есебімен келесі кезеңге жолдама алды.


«Қайрат» биыл өз тарихында тұңғыш рет аталмыш жарыстың үшінші кезеңіне шығып отыр. Бұған дейін олар 6 мәрте аталмыш додаға қатысқанымен, екінші кезеңнен әріге өте алмаған еді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды