«Астана» сырт алаңда «Апоэлден» ұтылды.
УЕФА Еуропа Лигасының плей-офф сатысында «Астана» футболшылары сырт алаңда Кипрдің «Апоэл» командасымен кездескен болатын.
Ойын бірден тартысты басталды. Екі команда шабуыл өтінде белсенділік танытты. Ойындағы жалғыз голды айып добын сәтті пайдаланған Вандерсон Мартис 79 минутта допты қақпа торына тоғытты.
Қортынды есеп 1:0
Енді қарымта ойын 30 тамыз күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Ол матчты да «QAZSPORT» арнасы тікелей эфирде назарларыңызға ұсынады.