Қазақстан мен Грузия арасындағы ойынға түркиялық мамандар төрелік етеді
УЕФА Ұлттар лигасы аясында «D» тобында өнер көрсететін Қазақстан мен Грузия құрамалары арасындағы матчта түркиялық мамандар төрелік ететін болады.
Ойынның бас төрешісі болып Халил Мелер бекітілсе, оған қос қапталдан көмек көрсететін «лайнсмендер» Мустафа Эйсой мен Джевдет Кемюрджюоголу. Қосалқы төрешілер сапында Барыш Шимшек, Умут Озтюрк және Джейзун Сесигюзел.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан – Грузия арасындағы ойын 6 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойынды «QAZSPORT» арнасы тікелей эфирде көрсететін болады.