УЕФА Ұлттар Лигасы туралы қызықты мәлеметтер
Қазақстан - Грузия арасындағы ойын аталмыш турнир тарихындағы ең алғашқы матч болып тіркеледі. Қос құрама осы уақытқа дейін 4 мәрте кездескен. Екі құрамада да бір жеңістен және екі ойын тең есеппен аяқталған.
УЕФА Ұлттар Лигасын өткізу туралы шешім Қазақстанда қабылданды.2014 жылы Астанада өткен жиын барысында көптеген достастық матчтарды ресми ойындарға ауыстыру арқылы футболдың құрамалар деңгейінде дамуына септігін тигізу. Сонымен қатар, деңгейі тең ұлттық құрамаларға бір-бірімен ойнауға мүмкіндік беру туралы келісімге келінді.
Лига командалардың классын жоғарылату және төмендету қағидасын ұстанады. Алғашқы маусымда 55 қатысушы УЕФА ұлттық құрамаларының рейтингісі бойынша әртүрлі лигаларға бөлінген. А тобында: Германия, Португалия, Бельгия, Испания, Франция, Англия, Швейцария, Италия, Польша, Исландия, Хорватия және Нидерланды құрамалары. В тобында: Австрия, Уэльс, Россия, Словакия, Швеция, Украина, Ирландия, Босния мен Герцеговина, Северная Ирландия, Дания, Чехия және Турция. С тобында: Венгрия, Румыния, Шотландия, Словения, Греция, Сербия, Албания, Норвегия, Черногория, Израиль, Болгария, Финляндия, Кипр, Эстония және Литва. D тобында: Әзірбайжан, Македония, Беларусь, Грузия, Армения, Латвия, Фарер аралдары, Люксембург, Қазақстан, Молдова, Лихтенштейн, Косово, Гибралтар және Сан-Марино, Андорра, Мальта құрамалары.
Турнирдің өту форматы: Әр төрт лига үш-төрт командадан құралған төрт топқа бөлінеді. 2018 жылдың қыркүйек пен қараша айлары аралығында қатысушылар бір-бірімен өз және сырт алаңда ойнайды. Осылайша, командалар халықаралық футбол күнтізбесіне сай төрт немесе алты матч өткізеді.
Топ жеңімпаздарының классы жоғарылайды, ал соңғы орын алғандары келесі жарысты төменгі лигадан бастайды.
А лигасының төрт жеңімпазы 2019 жылдың маусым айында өтетін финалдық кезеңге қатысады. Онда жартылай финалдар, үшінші орын матч пен финал ойналады. Финалдық турнирдің иесі 2018 жылдың желтоқсанында УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында төрт үздік құраманың ішінен таңдалады.
Осылайша, еуропалық құрамалар Ұлттар Лигасының жеңімпазы атағы үшін, не жоғары лигаға өту үшін, не өз лигасындағы орнын сақтап қалу үшін сынға түседі.
Лиганың ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫНА әсері: ЕУРО-2020 турнирінің іріктеу кезеңі аса қатты өзгермейді, бірақ ол бұрынғыдай үлкен жарыстардың финалдарынан кейін қыркүйек айында емес, наурызда басталады. ЕУРО-2020 турнирінің финалдық кезеңінің соңғы төрт жолдамасын УЕФА Ұлттар Лигасында өз топтарын жеңген 16 құрама қатысатын плей-офф жеңімпаздары иеленеді.
Егер ол командалардың біреуі ЕУРО-ға іріктеу турнирі арқылы шығып қойса, оның өтпелі матчтарға жолдамасы дивизиондағы келесі үздік командаға беріледі. Егер дивизионда керек төрт команда жиналмаса, ол орындарды Ұлттар Лигасындағы жалпы рейтингісіне сай төменгі дивизионның командалары иеленеді. Әр дивизионда өзінің плей-офф кезеңі болады. Онда екі жартылай финалдық кездесу мен финал ойналады. Әр кезеңнің жеңімпазы ЕУРО-2020 турнирінің жолдамасына ие болады.