«Астана» сырт алаңда тең түсті
УЕФА Европа Лигасының топтық кезеңінің алғашқы матчында елордалық «Астана» командасы сырт алаңда украиналық «Динамо» (Киев) футболшыларымен ұпай алмасты.
«Олимпийский» стадионында өткен матч тартысты басталды. Ойындағы алғашқы голды 11-минутта Виктор Цыганков соқты. Ізін ала отандастарымыз айып алаңындағы қарбалас сәтті ұтымды пайдаланып есепті теңестірді. 21-минутта голды соққан Марин Аничич. Бірінші таймның бітуіне санаулы секундтар қалғанда Ненад Эричтың өрескел қателігін сәтті пайдалаған Денис Гармаш командасын есепте алға шығарды. Ойынға қосылған қосымша уақытта Роман Муртазаев ойынның нүктесін қойып, командасына бір ұпай сыйлады.
Қорытынды есеп: 2:2
Европа Лигасы топтық кезеңінің екінші ойынын елордалық клуб 4 қазан күні «Астана-Аренада» франциялық «Ренн» командасына қарсы өткізеді.