Ұлттық құрама Тбилисиде есе жіберді
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы соңғы турда Грузия ойыншыларына есе жіберді.
Грузия астанасы Тбилисиде өткен матчта Станимир Стоилов шәкірттері 2:1 есебімен ұтылды. Қарсылас команда сапынан Меребашвили мен Чакветадзе салған голға қазақстандықтар Оралхан Өміртаевтың голымен жауап қатты.
Осылайша ең алғаш жалауы желбіреген жаңа турнирде Қазақстан құрамасы 6 ұпаймен топта екінші орыннан көрінді. Ал Грузия құрамасы 16 ұпаймен С дивизионына жолдама алды.
Фото: Қазақстан футбол федерациясы