7 медаль сарапқа салынды
Мәскеуде өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Әлем чемпионатында кеше тағы да 7 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Спорттық жүрістен 20 шақырымға созылған бәсекеде ресейлік Елена Лашманова жеңімпаз атанды. Оның көрсеткен нәтижесі - 1 сағат 27 минут 8 секунд. Екінші болып келген де ресейлік спортшы Анися Кирдяпкина болды. Ал қола жүлдегер қытайлық Хон Лю. Таспа лақтыру спортында Германия өкілі Роберт Хартинг бас жүлдені иемденді. Оның нәтижесі 69 метр 11 сантиметрді құрады.
Қыздар арасындағы жетісайыста украиналық Жанна Мельниченко 6586 ұпай жинап жеңімпаз атанды. Күміс медаль канадалық Брианне Тисон Итонға бұйырса, қола жүлде голландиялық Дафне Схиперс еншісінде. 800 метр қашықтықтағы жарыста ерлер арасында Әлем чемпионы деген атақты эфиопиялық Мохамммед Аман жеңіп алды. Желаяқтың көрсеткіші - 1 минут 43,31 секунд.
Сондай-ақ, Әлем чемпионы деген атақты үшінші рет жеңген спортшы да табылды. Ол - Елена Исенбаева. Сырықпен секіру спортында ол ең алғашқы талпынысының өзінде 4 метр, 89 сантиметрді тіркеді. Бұл нәтиже сайыс соңына дейін жаңармады. АҚШ-тан келген қарсыласы Дженнифер Сур мен кубалық қыз Ярислей Сильва тек 4 метр 82 сантиметрді ғана тіркей алды.
Ал Елена Исенбаева жеңімпаз атанып қойғаннан соң, тек өзінің жеке рекордын жаңартуға тырысты. Бірақ 5 метр 7 сантиметр биіктігі өзіне қайта бағынбады бұл күні.