Қытайда Зульфия Чиншанлоның карикатурасын салды
2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық ауыр атлетші Зульфия Чиншало қытайлық бұқаралық ақпарат құралдарының өзіне және отбасына қарсы нағыз ақпараттық науқан ұйымдастырып отырғанын айтады.
«Мен Олимпиада алтынын алған кезде, маған және мені туысқандарыма Қытай тарапынан қысым көрсетілді. Бірнеше журналиспен сөйлестім. Олар менің сөзімнің мағынасын құбылтып беріпті. Оларға сеніп едім, бірақ мені алдап кетті», дейді спортшы vesti.kz. порталына берген сұхбатында.
Чиншанлоның сөзінше, Олимпиададан кейін Қытайға барған уақыттары өмірінің қиын кезеңі болған. Тіпті, ол спорттан қол үзуді ойлаған. Оның үстіне, қытайлық бұқаралық ақпарат құралдары Чиншанло Қытай туының астына қайтып оралды деген жалған ақпарат таратты.
Зульфия Чиншанло 2012 жылы Олимпиада алтын алды. Жұлқа көтеруде әлем рекордын (113 келі) орнатты. 2009 және 2011 жылдары Әлем чемпионатының алтынын еншіледі. Гиннестің рекордттар кітабына чемпионат тарихындағы ең жас (16 жас) чемпион ретінде тіркелді.
фото: vesti.kz