Тағы бір қазақстандық спортшы допингпен ұсталды
2013 жылдағы ауыр атлетика жарыстарының қорытындысы бойынша тағы бір қазақстандық спортшы – Екатерина Столяренко екі жылға спорттан шеттетілді. Бұл допинг қабылдады деп жазаланған 11-ші қазақстандық спортшы, деп хабарлайды sports.kz.
Зілтемір көтеруші Екатерина Столяренконың допинг-сынамасынан станозолол табылған. Екіжылдық дисквалификация 2013 жылдың 23-ші тамызынын басталған.