Майя Манеза Әлем чемпионатына ұлымен бірге дайындалады
Ауыр атлетикадан Әлемнің екі дүркін чемпионы және Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Майя Манеза жылдың басты жарысы - Азия ойындары мен Әлем чемпионатына дайындалуда, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл туралы оның жұбайы Вячеслав Ершов «Майя жаттығуды 2013 жылдың қараша айында бастаған. Ол кезде біздің баламыз ауырып қалды да, бір-екі ай жаттығуды жіберіп алды. Қазір бәрі жақсы. Алдағы маусым айында біз Ұлттық командамен жиынға аттанамыз. Майяның бет алысы жақсы әрі ол жеңіске жетуді көздеп отыр», - деді. Сондай-ақ, Ершов маусым айындағы жиынға отбасымен бірге аттанатынын айтты.
«Жиында ұлымыз Арсений бізбен бірге болады. Командада бұрын-соңды мұндай болмаған», - деді ол.
Айта кетелік, Жазғы Азия ойындары Кореяның Инчеон қаласында 9 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Ал ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты Алматыда 4-16 қараша аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.