Малайзиялық желаяқ Алматы көшелерімен жүріп өтті
13 сәуір күні Алматыға әлемдік «Ұлы Жібек Жолы» акциясы аясында атақты малайзиялық желаяқ әйел Сууайба Мохд Насир келді. Бұл туралы қалалық Ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
41 жастағы Сууайба Мохд Насир жүгіру жолын Қытай астанасы Пекиннен бастаған. Енді Италияның Венеция қаласында аяқтауды жоспарлап отыр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, желаяқ әйгілі Жібек Жолымен жүріп өтпек. Қазақстанда спортшы Алматы және Шымкент қалаларының көшелерімен өтеді.