Жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына баратын зілтеміршілердің есімдері белгілі болды
20-28 маусым аралығында Қазан (Ресей) қаласында жасөспірімдер арасында (20 жасқа дейін) ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты өтеді. Қазақстандық спортшылар қазіргі уақытта Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізуде.
Жасөспірімдер құрамасына Олимпиадалық дайындық орталығының аға жаттықтырушысы Бақыт Ахметов жетекшілік етеді. Сонымен қатар, ҚР жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушылары Сергей Шевченко мен Леонид Дигай барады.
Бұл бәсекеде ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімі:
Игорь Сон (56 келі) — Қазақстан Республикасының чемпионы;
Тимур Хасаров (62 келі) — Қазақстан Республикасының чемпионы, Еуразиялық ойындардың чемпионы;
Михаил Дроздов (62 келі) — Қазақстан Республикасының чемпионы, Еуразиялық ойындардың жүлдегері;
Михаил Макеев (69 келі) — жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының жүлдегері, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жүлдегері, Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегері;
Альберт Линдер (69 келі) — жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының чемпионы;
Станислав Демидов (85 келі) — Қазақстан Республикасының чемпионы, Еуразиялық ойындардың жүлдегері;
Елена Парфентьева (75 келі) — Қазақстан Республикасының чемпионы.