Астанада балалар зілтемір көтеруден сынға түседі
Астанада алғаш рет балалар арасында ауыр атлетикадан жарыс өтеді. 8 маусым күні өтетін бәсеке Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған.
Жарысқа Астана қаласының, Ақмола және Қарағанды облыстарының 1999-2000 жылдары дүниеге келген 27 спортшысы қатысады.
Жекелей және командалық жарыс болады. Балалар 42, 46, 50, 56 және 62 келі салмақ дәрежесінде, ал қыздар 44, 48, 53 және 58 келі салмақ санатында сайысқа түседі.
Жақсы нәтиже көрсеткен спортшылар болашақта облыстық, республикалық, құрлықаралық, кейін әлемдік чемпионаттарға да қатыса алады.