Деннис Киметто: Марафонды 2 сағат 3 минуттан тез жүгіріп өтуге тырысамын
«Менің барлық назарым әлемдік рекордты жаңарту», - дейді кениялық марафоншы.
Кениялық Деннис Киметто Берлин марафоны-2014 жарысында өзінің жерлесі Уилсон Кипсангтың әлемдік рекордын (2:03:23) жаңартып, 2:03:00 уақытынан тез жүгіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Coastweek.
«Менің барлық назарым әлемдік рекордты жаңарту. Бұз жоспарды өз командаммен ақылдастық. Егер ауа-райы қолайлы болса, рекордты жаңартамын. Менің ойымша қазіргі уақытта көп марафоншы 2 сағат 3 минуттан тез жүгіре алады. Алайда мен солардың алғашқысы болғым келеді», - деді кениялық марафоншы.