Ауыр атлетшілеріміз Нанкинге аттанып кетті

Кеше ауыр атлетикадан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Қытайдың Нанкин қаласына аттанды, деп хабарлайды confederation.kz. Нанкинде 16-28 тамыз аралығында ІІ жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы өтеді. Команда құрамы: Жасұлан Қалиев (77 келі) – жастар арасында Қазақстан чемпионы. Михаил Макеев (69 келі) – жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты мен Қазақстан біріншілігінің жүлдегері. Татьяна Капустина (+63 келі) – жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты мен Қазақстан біріншілігінің жүлдегері. Алтынай Дәмен (63 келі) – жастар арасында Қазақстан чемпионы, ІІІ Еуразия спорттық ойындарының жеңімпазы. «Алғашында +85 келі салмақта Селімхан Әбубәкіров қатысады, деп шешкен болатынбыз. Алайда, ол жарақат алып, орнына Жасұлан Қалиев баратын болды. Қытайда бәсекелестік өте жоғары болатыны рас. Бірақ, біздің спортшылар үздік үштікке енетін мүмкіндігі бар. Олардың әрқайсысы осы жарысқа ұзақ дайындалды және тек жеңіске жетуге ынталы», - дейді Олимпиадаға даярлау орталығының аға бапкері Бақыт Ахметов.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды