Ауыр атлетикадан үш дүркін Әлем чемпионы Алматыда өтетін жарысқа қатыспайтын болды

Польша спортшысы Марцин Долега допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін уақытша шеттетілді.

Марцин Долега – ауыр атлетикандан үш дүркін Әлем чемпионы. Оны Польшаның ауыр атлетика федерациясы (PZPC) жазалап отыр.  Федерация бұл шешімді Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) мәліметі бойынша қабылдады.

Спортшыдан Ресейде өткен Президент Кубогы жарысында допинг-сынама алынған. Қанның құрамында тыйым салынған препараттардың көрсеткіші шамадан тыс екені анықталған. Қорытынды сараптама 15 күннен кейін белгілі болады, деп жазады «Р-Спорт».

Айта кетейік, Марцин Долега 105 келі салмақта үш рет Әлем чемпионы атанды. Ол  2004 жылы допинг қолданғаны үшін ескерту алып, Афиныдағы Олимпиада ойындарына қатыса алмады.

Еске сала кетейік, Алматы ауыр атлетикадан Әлем чемпионатын 8-16 қараша аралығында қабылдайды.

Фото: vebidoo.de

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды