Ауыр атлетика. 77 келідегі «D» және «С» тобындағы спортшылар жарысты аяқтады
Бүгін Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатында 77 келі салмақ дәрежесінде ерлер арасында жарыс аяқталды. «D» тобында сегіз спортшы жеке рекордтарын жақсартуға тырысты.
Олардың арасынан ең жоғары нәтиже көрсеткені – вьетнамдық Хонг Нгуен. Ол 312 келі (140+172) зілтемірді көтерді. Бұл топта екінші орынды Грециядан келген Эммануил Марианакиске – 308 келі (143+165) иеленді.
Ал, үшінші орынға 300 келілік (135+165) зілтемірді көтерген алжирлік Амир Бельхут табан тіреді.
«С» тобы:
1. Триятно (Индонезия) – 333 келі (147+183)
2. Адриель Ла`О Гарсииге (Куба) – 326 келі (148+178)
3. Иорданис Эспинос (Куба) – 326 келі (144+182)
Армениядан келген 17 жасар Хакоб Мкртчянның ойынын айрықша айтып өткен жөн. Нанкинде өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының чемпионы ересектер арасында лайықты нәтиже көрсетті. Ол қос сайыс қорытындысы бойынша 320 келі көтеріп, «С» тобында 5-ші орын алды.
Фото: almaty2014iwf.com