Ауыр атлетика. 58 келі салмақта қытайлық Менжун Ден жеңімпаз атанды
Алматыда өтіп жатқан ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде тек 58 келі салмақ дәрежесінде әйелдер арасында ғана медальдар сарапқа салынды.
Ауыр атлетика. Әлем чемпионаты. Алматы. Әйелдер, 58 келі, «А» тобы:
1. Менжун Ден (Қытай) – 235 келі (105+130)
2. Ри Йонг Хва – 232 келі (99+133)
3. Шуканья Шрисурат (Таиланд) – 231 келі (106+125)
Еске сала кетейік, ертең жарысқа 85 келі («В», «С» және «D» тобы) және 77 келі («А») салмақ дәрежесі ерлер шығады. Сонымен қатар, 63 келі («С» мен «В» тобы) салмақ дәрежесінде әйелдер сынға түседі. Бұл сайыстарды «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Фото: almaty2014iwf.com