Ауыр атлетика. Гүлназ Наурызова «С» тобында екінші орын иеленді
Алматыда өтіп жатқан ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Гүлназ Наурызова 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «С» тобында екінші орынға тұрақтады.
Қоссайыстың нәтижесінде қазақстандық спортшы 196 келі (91+105) көтерді.
Оңтүстік Кореялық спортшы Ие Ра Ким 201 келі нәтижемен озық шықты. Испаниялық спортшы Ирен Мартинес Сантьяго 192 келі (90+102) көтеріп, үшінші орынға тұрақтады.
Гүлназ Наурызова - Израильде өткен ауыр атлетикадан студенттер арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2013 жылы Азия чемпионатында 5-ші орын иеленген.
Сонымен қатар, 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әйелдер арасында «В» тобының мықтылары анықталды. Олар - ресейлік Надежда Лихачева мен мысырлық Сара Саид Ахмет. Айта кетейік, аталған салмақ дәрежесі бойынша негізгі сайыс «А» тобында жалғасады.
Алматыда өтіп жатқан ауыр атлетикадан Әлем чемпионатын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.