Карина Горичева жұлқа көтеруде күміс медаль иеленді

Алматыда өтіп жатқан ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының әйелдер арасында 63 келі салмақ дәрежесіндегі «А» тобындағы жарыс аяқталды. Қазақстандық Карина Горичева жарыстың алғашқы түрі, яғни жұлқа көтеруде 113 келіні бағындырып, екінші орын иеленді. Ал, жерлесіміз сияқты 113 келі көтерген, бірақ жеке салмағы жеңіл албаниялық Ромела Бегай бірінші орын алды. Жұлқа көтеруде кіші қола жүлдені ресейлік Тима Туриева иеленді. Ал, қоссайыс нәтижесі бойынша алтын медальді қытайлық Дэн Вэй жеңді. Ауыр атлетика. Әлем чемпионаты. Алматы. Әйелдер. 63 келі. «А» тобы: 1. Дэн Вей (Қытай) — 252 келі (110+142) 2. Тима Туриева (Ресей) — 252 келі (112+140) 3. Хё Сим Чо (ҚХДР) — 248 келі (108+140) 6. Карина Горичева (Қазақстан) — 246 келі (113+133).

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды