Жасұлан Қыдырбаев – Әлем чемпионы, Владимир Седов – күміс жүлде иеленді

Алматыда ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында ерлер арасында 94 келі салмақ дәрежесіндегі жарыс аяқталды. Қазақстандық Жасұлан Қыдырбаев қоссайыс қорытындысы бойынша 408 келі көтеріп, Әлем чемпионы атанды. Ал, одан 1 келі аз көтерген тағы бір отандасымыз Владимир Седов күміс медаль иеленді. Үшінші орынға 399 келі көтерген литвалық Ауримас Дидзбалис табан тіреді. Ауыр атлетика. Әлем чемпионаты. Алматы. Ерлер. 94 келі. «А» тобы: 1. Жасұлан Қыдырбаев (Қазақстан) — 408 (179+229) келі 2. Владимир Седов (Қазақстан) — 407 (188+219) келі 3. Ауримас Дидзбалис (Литва) — 399 (185+214) келі. Еске сала кетейік, ертең жарыс жолына Анна Нұрмұхамбетова (75 келі) сағат 16:00-де, ал Илья Ильин (105 келі) сағат 19:00-де шығады. Жарысты «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды