Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жазира Жаппарқұлды марапаттады
Кездесу барысында облыс әкімі жүлдегер аруға 3,5 миллион теңгенің, жаттықтырушысына 1 миллион теңгенің сертификатын табыс етті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл мен оның жаттықтырушысы Ню Славикті қабылдады. Бұл туралы ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Өңір басшысы спортшы қыз бен оның бапкерін жеңістерімен құттықтады.
Кездесу барысында облыс әкімі жүлдегер аруға 3,5 миллион теңгенің, жаттықтырушысына 1 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.
Фото: otyrar.kz