Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты мен Кубогы аяқталды
Өскеменде ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты мен Ел Кубогы мәресіне жетті.
Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты мен ел кубогында 15 жаңа чемпионның есімі анықталды. 30 қараша мен 4 желтоқсан аралығында Өскеменде елішілік біріншілік өткен болатын. Аталған додаға еліміздің барлық аймағынан 136 атлет қатысты.
«Қазақстандағы ең танымал спорт түрлерінің бірі – ауыр атлетика. Ал зілтемір көтеруден мұндай шаралар өткізу ауыр атлетиканы дамытуға зор үлес қоспақ. Салауатты өмір салтын ұстану үшін де өте маңызды. Әрбір чемпионат сайын қатысушылар саны өсіп келе жатқанын атап өткім келеді», - дейді ҚР Ауыр атлетика федерациясының жауапты хатшысы Марат Мусин.
Сайыс нәтижесі бойынша Алматы қаласының құрамасы ең үздік команда болып танылса, Шығыс Қазақстан облысының өкілдері екінші, ал Қызылорда облысының споршылары үшінші орынды иемденді. Әйелдер арасында Шығыс Қазақстан облысының арулары топ жарса, Алматы қаласының нәзік жан иелері екінші орында, ал үздіктер үштігін Алматы облысының қыздары түйіндеді.
Сайысқа еліміздің барлық өңірінен жалпы саны 136 ауыр атлетші қатысты.
Жарыс нәтижелері:
Ерлер
56 келіге дейін:
1. Игорь Шварц 217 келі (96+121), Қарағанды облысы
2. Даниел Есмағамбетов 215 келі (95+120), Алматы қаласы
3. Максим Горлов 202 келі (89+113), Шығыс Қазақстан облысы
62 келіге дейін:
1. Михаил Дроздов 261 келі (120+141), Алматы облысы
2. Тимур Хасаров 260 келі (120+140), Алматы облысы
3. Владимир Абрамов 246 келі (116+130), Қарағанды облысы
69 келіге дейін:
1. Владимир Кудрук 239 келі (107+132), Қарағанды облысы
2. Әскербек Тұржанов 237 келі (108+129), Қызылорда облысы
3. Серікбол Аманжол 230 келі (105+125), Қызылорда облысы
77 келіге дейін:
1. Кирилл Павлов 323 келі (148+175), Алматы қаласы
2. Батыр Асраров 315 келі (138+177), Оңтүстік Қазақстан облысы
3. Жасұлан Қалиев 309 келі (141+168), Ақмола облысы
85 келіге дейін:
1. Ермек Өміртай 346 келі (155+191), Алматы облысы
2. Владимир Кузнецов 328 келі (148+180), Шығыс Қазақстан облысы
3. Ербол Мейірманов 320 келі (150+170), Ақмола облысы
94 келіге дейін:
1. Рүстем Сыбай 365 келі (160+205), Қызылорда облысы
2. Андрей Леонов 295 келі (130+165), Алматы қаласы
3. Нұрсұлтан Ибрагимов 292 келі (127+165), Алматы қаласы
105 келіге дейін:
1. Абылай Жұмабек 320 келі (135+185), Алматы қаласы
2. Михаил Пахомчик 320 келі (145+175), Алматы қаласы
3. Сергей Райлян 273 келі (123+150), Ақмола облысы
105 келіден жоғары:
1. Дмитрий Каплин 390 келі (175+215), Шығыс Қазақстан облысы
2. Ердос Сайлау 300 келі (135+165), Алматы қаласы
3. Евгений Колесников 295 келі (125+170), Шығыс Қазақстан облысы
Әйелдер
48 келіге дейін:
1. Галина Момотова 130 келі (60+70), Қарағанды облысы
2. Александра Лачкова 122 келі (52+70), Алматы облысы
3. Махаббат Серікболкызы 113 келі (51+62), Алматы облысы
53 келіге дейін:
1. Әсел Амангелді 175 келі (77+98), Алматы қаласы
2. Лидия Ануфриева 161 келі (73+88), Шығыс Қазақстан облысы
3. Гүлзат Тайболатова 151 келі (63+88), Алматы облысы
58 келіге дейін:
1. Әйгерім Ауылбек 182 келі (79+103), Алматы облысы
2. Анастасия Табакаева 142 келі (63+79), Алматы облысы
3. Камиля Острикова 135 келі (62+73), Шығыс Қазақстан облысы
63 келі:
1. Фаина Сиванбаева 200 келі (90+110), Ақмола облысы
2. Алтынай Дәмен 186 келі (81+105), Алматы облысы
3. Святослава Павлюк 163 келі (75+88), Қостанай облысы
69 келіге дейін:
1. Кристина Крахалева 200 келі (90+110), Алматы облысы
2. Гүлнәз Наурызова 195 келі (90+105), Алматы қаласы
3. Валерия Дежнина 175 келі (80+95), Қостанай облысы
75 келіге дейін:
1. Анна Нұрмұхамбетова 220 келі (100+120), Ақмола облысы
2. Раушан Мешітханова 182 келі (87+95), Алматы қаласы
3. Галина Шилова-Горлова 170 келі (77+93), Шығыс Қазақстан облысы
75 келіден жоғары:
1. Айзада Мұптілдә 215 келі (95+120), Алматы қаласы
2. Юлия Жуковская 188 келі (83+105), Ақмола облысы
3. Бота Қалымова 183 келі (83+100), Ақмола облысы.
confederation.kz