Алматы облысының әкімі А.Баталов ауыр атлетикадан үздік бапкерлерді марапаттады
Облыс әкімі Амандық Баталов 2014 жылғы ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында жоғарғы спорттық нәтижелер көрсеткен Алматы облысының спортшылары мен жаттықтырушыларын қабылдап, оларды марапаттады.
Атап айтқанда, ауыр атлетикадан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2014 жылы Алматы қаласында өткен ересектер арасында Әлем чемпионатында күміс медаль иеленгені үшін Владимир Седовқа облыс әкімінің Алғыс хаты және 1 267 000 теңгенің сертификаты тапсырылды.
Сондай-ақ Зүлфия Чиншанлоны дайындағаны үшін ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Ниге облыс әкімінің Алғыс хаты және 1 810 000 теңгенің сертификаты, ал Владимир Седовты дайындағаны үшін ауыр атлетикадан жаттықтырушы Сергей Седовқа облыс әкімінің Алғыс хаты және 905 000 теңгенің сертификаты табысталды.
Зүлфия Чиншанло бұл кездесуге денсаулығына байланысты келе алмады.