Кросс-фиттен Илья Ильин атындағы турнир аяқталды
Кросс-фит – бұл Қазақстан мен әлемде дамып келе жатқан спорттың түрі. Жуырда Алматы қаласында кросс-фиттен турнир өтіп, қазақстандықтардың фитнестегі жаңашылдыққа жақын екенін көрсетті.
Қазақстанда кросс-фитпен шұғалданатын спортшының бірі Ауыр атлетикадан Олимпиада және Әлем чемпионы – Илья Ильин. Мамырдың 16-17 күндері кросс-фиттен Илья Ильин атындағы жарыс өтті. Оған Астана, Алматы, Семей, Өскемен қалаларынан 50-ге жуық спортшы қатысты.
Олимпиада чемпионына құрмет ретінде жарысқа Ауыр атлетиканың «Жұлқа көтеру» және «Серпе көтеру» әдістері де енгізілді.
Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Қыздар:
I орын – Анна Товченик
IІ орын – Анна Церителли
IІІ орын – Әсел Қасенова
Ерлер:
I орын – Александр Коростелев
IІ орын – Виктор Шаповалов
IІІ орын – Тимофей Бахуринский
Masters (ерлер 37 – 45 жас)
I орын – Андрей Ерш
IІ орын – Санат Нұрғалиев
IІІ орын – Бақтияр Қадыров