Ольга Рыпакова ҚР Жазғы Спартакиадасының екі дүркін жеңімпазы атанды
Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Ольга Рыпакова Алматыда жеңіл атлетикадан өткен ҚР IV Жазғы Спартакиадасының екі дүркін жеңімпазы атанды.
ШҚО командасының атынан сынға түскен Ольга сайыстың бірінші күні үш қарғып секіруден алдына жан салмай, өз мықтылығын дәлелдеді. Оның нәтижесі - 6,19 метр.
Екінші күні Олимпиада чемпионы тағы да қарсылас шыдатпай, 14,1 метр нәтижесімен қарсыластарын артқа тастады.