Жеңіл атлет Виктория Зябкина Универсиаданың екі дүркін чемпионы атанды
Бүгін Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында XXVIII Жазғы Универсиада ойындарының 9-шы жарыс күні өтуде.
Қазақстандық жеңіл атлет Виктория Зябкина 200 метр қашықтықты 22:77 секундта жүгіріп, Кванджудағы Универсиаданың екі дүркін чемпионы атанды. Екінші орынды АҚШ спортшысы Акейла Митчелл (22:95 с) иеленсе, қола жүлдені ямайкалық Даллас Кедиша Сабрина (23:24 с) жеңіп алды.
Осыған дейін Виктория Зябкина әйелдер арасында 100 метр қашықтыққа жүгіруден Универсиада чемпионы атанған еді.
Еске сала кетейік, «KAZsport» телеарнасы Кванджудағы Универсиада ойындарын тікелей эфирде көрсетуде.