Лондонда жеңіл атлет Ольга Рыпакова «Гауһар лигасы» кезеңінде жеңіске жетті
Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова «Гауһар лигасының» Лондонда өткен кезеңінде үш қарғып секіруден жеңімпаз атанды.
2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Ольга Рыпакова Ямайкадан келген Кимберли Уильямс пен словакиялық Дана Велдаковадан басым түсті.
Жеңіл атлетика. «Гауһар лигасы». Лондон (Ұлыбритания)
Әйелдер. Үш қарғып секіру.
1. Ольга Рыпакова (Қазақстан) - 14.33
2. Кимберли Уильямс (Ямайка) - 14.15
3. Дана Велдакова (Словакия) - 13.66.