Ақжол Жарылғапов пауэрлифтингтен ашық Азия чемпионатында қола медаль иеленді
Алматыда тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пауэрлифтингтен ашық Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа 30 елден 220 атлет қатысуда.
Турнирге Қарағанды облысының құрамасы сапында 3 спортшы сынға түсуде. Олар Ақжол Жарылғапов (54 келі), Олеся Барашкина (45 келі) мен Ольга Прокопишина (55 келі).
Жарыстың алғашқы күні Ақжол жасөспірімдер арасында қола медаль жеңіп алды.
Айта кетей, жарысты «KAZsport» телеарнасы көрсетуде.