Түркиялық жеңіл атлет Аслы Чакын Алптекин допинг қолданғаны үшін Олимпиада алтынынан айырылды
Лозаннада Спорттық төрелік соты (CAS) түріктің жүйрігі Аслы Чакын Алптекиннің 2010 жылғы 29 шілдеде көрсеткен нәтижесінің күшін жоятын шешім қабылдады, деп жазады ҚазАқпарат.
Оған себеп - тыйым салынған препаратты қолдану.
Спортшы Лондон Олимпиадасында 1500 метр қашықтықта жеңіп алған алтын медалін қосқанда, бірқатар наградаларынан айырылды. Бұдан басқа, атлет 8 жылға жарысқа қатысу құқығынан айырылды, жаза мерзімі 2021 жылғы 9 қаңтарда аяқталады.