Халықаралық жеңіл атлетика федерациясына жаңа президент сайланды
Жеңіл атлеткадан Қытай астанасы Бейжіңде басталған Әлем чемпионаты алдында Халықаралық жеңіл атлетика федерациясына жаңа президент сайланды. Сайлауға үш үміткер түскен. Бірі, сырықпен секірудің һас шебері, танымал спортшысы Сергей Бубка, екіншісі Британия Олимпия ассоциациясының өкілі – Себастьян Коэ. Үшінші үміткер федерацияның бұрынғы президенті – Ламин Диак.
Дауыс беру нәтижесі бойынша, Себастьян Коэ IAAF-тің жаңа президенті болып сайланды. Сайлаушылардың 115-і Коэға дауыс берген болса, Бубканың үміткерлігін 92 сайлаушы қолдаған.
Нәтижесінде Себастьян Коэ Жеңіл атлетика федерациясыынң президеті, ал, Сергей Бубка вице-президент болып тағайындалды.