Жеңіл атлетші Ольга Рыпакова Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында қола жүлдегері атанды, деп жазады sk-sport.kz.
Үш қарғып секіруден Әлем біріншілігін колумбиялық Катрин Ибаргуэн жеңіп алды, оның көрсеткіші - 14,90. Екінші орынды израильдік Ханна Князева-Миненко иемденді - 14,78. Ольга екінші орын иегеріне небәрі 1 сантиметрге кем секіріп, үшінші орынды місе тұтты - 14,77.